Страны открытые для посещения Казахстанцам

Молдив аралдарына ақша жетпегенде немесе солтүстік қазақстанда қайда демалуға болады

2022-08-19_16-07-29.png

Егер сіз Солтүстік Қазақстанның табиғатын көрем десеңіз және әдеттегі Бурабайдан шаршап кетсеңіз, сізге Шалқар көліне барып келуді ұсынамын.

Шалқар көлі СҚО Айыртау ауданында орналасқан, Көкшетаудың 80 көлдерінің бірі. Бұл жерде көлге түсіп, жағалауында күнге күйе аласыз. Балық аулау, орман мен тауға серуендеу мүмкіндігі бар. 

Қалай жетуге болады?

Көл Көкшетау қаласынан 90 км жерде жатыр. Жолы жақсы. Өз көлігіңізбен немесе Көкшетаудан такси жалдап баруға болады. Шалқар бағытында жүретін таксилер Көкшетаудағы «Ескі Филармония» ғимаратының алдынан шығады

Көлге Айыртау немесе Шалқар ауылы жағынан келуге болады. Айыртау жағынан Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябаққа шлагбаум арқылы кіресіз. Бағасы адам басына 200 тг.

Демалу орындары.

Көлдің жағасында демалыс орындары мен санаторийлер көп. Орынды алдын ала телефон шалып алып қойған жөн. Өкінішке орай, демалыс орындарының әлеуметтік желілердегі жарнамасы нашар, сондықтан сервис жағын бұл жерде болған адамдардан сұрау керек.

Біз болсақ жабайы демалысты таңдап, шатыр тігетін жер іздедік. Жабайы жағалау табу оңай болған жоқ. «Шалқар су» санаторий және «Черная лагуна» демалыс орындары жағынан жағалау жекеменшікте.

Егер жабайы жағалауды іздесеңіз «Горняк», «Дара», «Қулагер» демалыс орындарына қарай жүріп табасыз.

Жергілікті табиғат.

Бұл жерде аралас құм-тасты жағалау. Суы таза, тұзды, түбі тас…

Жағалаудан 15-20 метр жерде тастан құралған шағын арал бар. Белден келетін суды кезіп барсаңыз болады.

Жағалаудың маңында тұрған тауға шығып, саяхатыңызды түрлендірсеңіз болады. Шолу алаңына шығу, Қарағайлы орман арасымен 15-20 минут уақытты алады. 

Бобтан лайфхак:

Егер тыныштықты жақсы көрсеңіз, бұл жер сізге сай келмейді. Демалушылар түні бойы ұйықтамай мазаңызды алады.

Су түбі тасті болған соң, Су түбіне арнайы арналған аяқ-киім болса ала барыңыз. Әдеттегідей жабайы демалыс орындарында дәретхана тапшы, сондықтан ол жағын да ойластырған жөн. Барынша өзіңіздің артыныздан демалыстың іздерін жинап кетсеңіз, саяхаттық мәдениетке үлесіңізді қосасыз.

https://www.instagram.com/erkin.qazaq/

travelсделка
Скачать