Страны открытые для посещения Казахстанцам

Өзбекстанға көлікпен саяхат немесе ұлы жібек Жолымен 3500 км

IMG_8542-scaled.jpg

Маршрут

Өз көлігімізбен Өзбекстан бойынша 13 күнде 3500 км жүріп өттік. Біздің саяхатымыздың жолы: Ташкент — Бұхара — Хиуа — Мойнақ — Қызыл-Қала | Топырақ қала — Бұхара — Самарканд — Шахрисабз — Ташкент — Шарбақ су қоймасы. Өзбекстан біздің оңтүстігімізде орналасқан, 40 млн-ға жуық халқы бар, түркі тілдес мемлекет. 40% жерін Қарақалпақ автономиялық республикасы алып жатыр. Отырықшы өмір салтын ұстанғандықтан, тарихи көрнекті жерлер өте көп. Самарқандттағы Әмір Темір кесеңесі мен Хиуадағы Ичан-қаладан, Мойнақтағы Арал теңізінің қасіретін көрсететін Кемелер мазарына дейін.

Шекара өту

Қазақстаннан Өзбекстанға өз көлігіңізбен бару үшін, көлік сіздің атыңызда болу керек, немесе оған сенімхат болу керек. Шекара өткен кезде міндетті түрде паспорт қажет. Көлік үшін тонировка мен экологиялық салық төленеді шамамен 8000 тг. шығады. Көлік сақтандыру 15 күнге 40 мың сум (1700 тг).

Өзбекстанға саяхаттаудың басқа жолдары:

Поезд: Алматы-Ташкент поезымен Өзбекстанға жетуге болады. Өзбекстан ішінде Афрасияб деп аталатын жоғары жылдамдықты поездар көп, бағалары аса қымбат емес. Осы поездбен Хиуаға дейін жетуге болады.

Такси: Егер шымкентке дейін бірдене ғып жетіп алсаныз, ары қарай Жібек-Жолына дейін таксилар 1500 теңгедей алады, шекараның ар жағында таксилер толып тұрады. Қала аралық бағыттарда да такси жететін арнайы тұрақтары бар. Таксисттермен міндетті түрде саудаласу қажет.

Автобус – қала аралық бағытта вокзалдан автобустар жүреді, бағасы тұрақты. Мысалы мен 2019 жылы Ташкенттен – Самарқандқа 30 мың сумға билет алғам (шамамен 1500 тг) Жүргізушінің назарына.

Жанармай бағасы: АИ-92 — 430 тг, пропан 150 тг, метан — 90-100 тг. Өзбекстан көліктерінің 90% метанмен жүреді. Пропан мен бензин құятын станциялар да жиі кездеседі. Жолдары орташа сапалы, жол жүру ережелерінде де сәл өзгешелік бар, мысалы тұрғылықты жердегі жылдамдық шегі 70 км сағ, шамдарды қосу міндет емес және пешеходтың артықшылығының болмауы.

Баспана:

13 күннің 4-ін біз палаткада өткіздік, 1 түн көлікте қондық. Қалған түндерде хостелдарда тоқтап жүрдік. Бағасы 2 адамға 10 мың теңге шамасында. Егер сіз еркек пен әйел адам болсаңыз, Неке туралы куәліксіз кіргізбейді. Хостелды booking немесе тікелей Google картадан іздеуге болады. Міндетті түрде пікірлерді оқыңыз. Әр бір тоқтаған хостелден/қонақ үйден регистрация
жасатып алыңыз. Виза керек жоқ болса да, шет ел азаматтарына тіркеусіз 5 күннен астам жүруге тыйым салынған. Егер саяхаттық маусым кезінде барсаңыз, баспананы ертерек ойластырған жөн.
Көрнекті жерлер Міндетті түрде бару керек көрнекті жерлер: Самарқанд — Регистан, Шаһи Зинда кешені, Әмір Темір кесеңесі. Бұхарада көрнекті жерлер бір жерде жақын орналасқан, соңдықтан ескі қаланы толықтай тамашалай аласыз. Ең танымал жерлер Каляни мұнарасы мен Арк қорғаны.

Шахрисабзта – Әмір Темірдің жазғы резиденциясы — Ақ сарай және тамаша таулардың көрінісі
Хиуа – көне Ичан қала. Мойнақ — Кемелер мазары. Ташкент — Ташкент мұнарасы, метро Өзбекстан тағамдары.

Тамақтануға келетін болсақ, дәстүрлі тағамдары бар ас үйлер мен кафелер өте көп. Біз вегетариандық тамақтану үлгісін ұстанатындығымыздан, және саяхатымыз бюджетті болған соң, 1-ақ рет Ташкенттің палау орталығында ақылы ас іштік. Қалған кезде өзіміз дайындадық. Ол үшін барлық жабдықтарды алып барғанбыз. Бірақ Өзбекстан пәтір нанының түр-түрін жеп
көрдік. Ташкент пәтір наны жұмсақ әрі жеңіл, Самарқандтың наны тығыз, Бұхараныкі жіңішке келеді.
Әр бір көрнекті жерде сувенир сататын дүкендер толып тұрады. Сатып алар кезде міндетті түрде саудаласу қажет. Ең кең тараған сувенир магниттер. Егер ерекше сыйлық алам десеңіз дәстүрлі ыдыс, орамал, шапандарға көңіл бөлсеңіз болады. Біз болсақ шығыс тәттілерін алып келдік

BigBob лайфхак: Өзбекстанда көрнекті жерлерде 2 түрлі баға саясаты іске асады. Бір баға Өзбекстан азаматтары үшін, екінші шет ел азаматтарына арналған. Әдетте бұл бағалардың айырмашылығы 6-10 есе. Егер қаражатты үнемдегіңіз келсе, жергілікті тұрғындар ретінде кіруге болады. Ол үшін киім
үлгісі ерккшеленбеу керек және өзіңізді сенімді ұстаған дұрыс. Мысалы біз көп жеңге Қарақалпақпыз деп төмен бағамен кірдік. Өйткені Қарақалпақ тілі қазақ тілімен 95% ұқсас. Бірақ сыр беріп қойсаңыз, жеке куәлікті сұрауы мүмкін. Абай болыңыз.

Инстаграм: https://www.instagram.com/erkin.qazaq/

travelсделка